Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Каирде Сұлтан Бейбарыс туралы кітаптың тұсауы кесілді

5-06-2023, 13:54 Думан Кенжеғазыұлы

Каирде «Sultan Baybars, King of Arabs, non-Arabs and Turks. From the great steppe to the great sea» (Арабтар, араб еместер және түріктердің патшасы – Сұлтан Бейбарыс. Ұлы даладан ұлы теңізге дейін) деген кітаптың тұсауы кесілді.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация қатысты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі:

«Ұлы билеушінінің мұсылман әлеміне жасаған тарихи қызметін ұлықтап жатқан бүгінгі іс-шараның мәні мен маңызы зор деп білеміз. Жарық көріп жатқан жаңа кітапта сол кездегі тарихи жазбалар мен ескерткіштердегі тасқа басылған құнды дүниелер, құнарлы деректер жинақталған. Бұл зерделі зерттеу «Байбарыстануға» қосылған үлкен ғылыми еңбек боларына бек сенімдіміз», - деді салтанатты рәсімде.

Сондай-ақ министр Бейбарыс және мәмлүк тарихы мен мәдениетіне қатысты, Байбарыстың тұлғасы мен тарихына қатысты іргелі зерттеу жұмыстарының қолға алынатындығын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив