Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Қайрат Төребаев ХВҚ миссиясымен өңірлік сауда интеграциясын нығайту жоспарларын талқылады

6-06-2023, 12:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Астанада ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың Қазақстан бойынша Халықаралық валюта қорының миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесуі өтті.

Қайрат Төребаев Министрліктің қызметі туралы және өңірлік сауда интеграциясын нығайту жөніндегі негізгі жоспарлар туралы айтты.

Сондай-ақ, вице-министр сауда жолдары мен жалпы сауданы әртараптандыру мәселесінің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Николас Бланше ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының қызметі туралы хабардар етіп, алдын ала қорытындымен бөлісті.

Соңында вице-министр 2023 жылғы 8-9 маусымда Халықаралық Астана форумының алаңдарында кездесуге үміт білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив