Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Халықаралық валюта қоры Қазақстандағы миссиясын аяқтады

8-02-2023, 09:52 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Ұлттық экономика министрі Халықаралық валюта қорының бюджеттік мәселелер жөніндегі Департаментінің аға экономисі – миссия Басшысы Сахе Де Клэркпен кездесу өткізді.

Әлібек Қуантыров ХВҚ сарапшыларының екі апталық миссия барысында елдің бюджет-салық саласының ашықтығын бағалау үшін ақпарат жинау және талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Халықаралық сарапшылардың алдын ала бағалауына сәйкес, Қазақстан бюджетті жоспарлау мен орындауды жүзеге асыру үшін жеткілікті нормативтік негізбен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Бюджет кодексі нақты реттеуші құжат болып табылады.

Сондай-ақ, олар макроэкономикалық болжамдардың жеткілікті түрде негізделгенін және уақтылы жасалғанын атап өтеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның қаржылық ашықтығын одан әрі жетілдіруге барлық мүмкіндік бар. Мәселен, бюджеттік есептілік көп деңгейлі болып табылады, бірақ бір-бірімен салыстыруда қиындықтар бар.

Бюджеттік шығыстардың жіктелуі Бірыңғай шоттар жоспарын дамытуды көздейтін статистикалық, бухгалтерлік есептілікпен үйлестіруді талап етеді.

Сондай-ақ, сарапшылар шоғырландырылған қаржылық есептілікте мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша квазимемлекеттік сектордың, борыштардың, кепілдіктер және шартты міндеттемелердің деректері толық қамтылмағанын атап өтті. Олардың сөзінше, бұл қаржылық тәуекелдерді сапалы басқаруды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ХВҚ бюджет ережелерін жақсартуды ұсынды.

Жалпы, қаржылық ашықтықты бағалау мемлекеттік қаржы туралы ақпараттың халықаралық стандарттарымен айқындалған 4 компоненті арқылы жүргізілді.

ХВҚ есептің соңғы жобасын 45 күн ішінде тапсырады. Қорытынды есеп ХВҚ орталық аппаратында қаралғаннан кейін, Қазақстан Үкіметінің түсініктемесін ескере отырып, ұсынылатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша Сахе Де Клэрк ҚР ҰЭМ-ге, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ынтымақтастық пен нәтижелі жұмыс үшін алғысын білдіріп, ашық және белсенді көмек көрсетілгенін атап өтті.

Жұмыс ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бастамасымен Халықаралық валюта қорының техникалық көмегі шеңберінде жүргізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив