Қала әкімі Семейдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов "Эйкос" және "Силикат" кәсіпорындарының өндірістік процестерімен және даму жоспарларымен танысты.
“Эйкос" ЖШС 1996 жылдың қаңтарында тіркелген және әлемдік Шина өнімдерін өндірушілердің ресми дистрибьюторы болып табылады. Кәсіпорын қазақстандық нарықта автомобиль шиналарын сатумен, сондай-ақ ірі габаритті техниканы жөндеу бойынша қызметтер көрсетумен айналысады. "Эйкос" ЖШС саны 435 адам.
Келешекте кәсіпорын 100 жұмыс орнын құра отырып, резеңке-техникалық бұйымдар шығарып, пайдаланылған шиналарды резеңке үгінділерге қайта өңдеу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
“Силикат" ЖШС 1958 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Жобалық қуаты жылына 100 млн. силикат кірпішті құрайды. Кәсіпорын 400 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.