Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.49 627.7 6.75

Биыл Семей қаласында 60 оқушы “Алтын белгі” белгісіне үміткер

25-05-2023, 11:07 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев мәлімдеді. Биыл 1 Мамыр күні Семей қаласы бойынша   11 сыныпты  1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде   «Алтын белгі» белгісіне  үміткерлер саны-60, үздік аттестатқа- 155.

- ”Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы “Алтын белгі” белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде “Алтын белгі” мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз  айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге  1417 (73,1%)  оқушы қатысты.Орташа балл - 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен  жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады”, -деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.

Семей қаласы бойынша мамыр, маусым  айларында өтетін  негізгі ҰБТ-ға   1668 түлек қатысады немесе 86,1%. Мамыр мен маусым айында өтетін ҰБТ-дан жоғары балл алған жас түлек білім грантына ие бола алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив