ҚР Оқу-ағарту министрі coursera компаниясының басшысымен кездесті
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халықаралық Coursera білім беру ұйымының бас атқарушы директоры Джеф Маджонкальдамен кездесті. Кездесуде педагогтердің, колледж студенттерінің біліктіліктерін арттыру, инновациялық технологияларды дамыту және білім беру саласын цифрландыру бойынша жобалар таныстырылды.
Өз кезегінде Ғани Бейсембаев еліміздің білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары мен міндеттерін атап өтті. Сондай-ақ тараптар білім беру саласының күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Естеріңізге салайық, Coursera – бұл онлайн-оқыту платформасы, оның негізі 2012 жылы қаланған. Қазіргі уақытта компания әлемнің 275 университетімен ынтымақтастықта жұмыс жасауда.
Биылғы жылы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп инновация, көшбасшылық және басқару, мансаптық өсу, маркетинг, киберқауіпсіздік, эконометрика, деректерді талдау, менеджмент, тұлғалық әлеуетті дамыту және т.б. курстардан тұратын «Coursera» – қазақ тілінде» пилоттық жобасы іске қосылды.