Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Курчатов қаласының әкімі тағайындалды

14-06-2023, 10:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Курчатов қаласының мәслихат депутаттары келісімімен және Абай облысы әкімінің өкімімен, Курчатов қаласының әкімі лауазымына Абдралиев Болат Тансықбайұлы тағайындалды.

Болат Тансықбайұлы – 1976 жылы 20 мамырда, Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы «Қазфосфат» өнеркәсібінің жұмыскері ретінде бастаған. 2006 жылдан бастап квазимемлекеттік секторда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2022 жылдың шілде айында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив