Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
476.97 562.59 6.27

Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды

14-06-2023, 09:01 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Бородулиха ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен және Абай облысы әкімінің өкімімен, Бородулиха ауданының әкімі лауазымына Ибраев Айдар Маратұлы тағайындалды. 

Айдар Маратұлы – 1979 жылы 27 мамырда, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақши ауылында туған. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Дидар газетінің тілшісі қызметінен бастаған. 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Сонымен қатар, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы лаузымын атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив