Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Венада олигополияларға қарсы күрес туралы заң жобасы таныстырылды

17-06-2023, 16:13 018.kz

2023 жылғы 12-16 маусым аралығында Бас Прокурордың орынбасары Ұ.С.Байжанов бастаған Қазақстан делегациясы Австрияның Вена қаласында БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы шеңберінде БҰҰ басқармасы ұйымдастырған отырыстарға қатысты.

Аталған іс-шараға әлемнің 150-ден астам елінің құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Отырыстар шеңберінде шетелдік әріптестерге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының негізгі ережелері туралы, сондай-ақ экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның жұмысы туралы баяндама ұсынылды.

Сапар барысында қазақстандық прокурорлар еуропалық аудиторлар сотының өкілдерімен, Еуропа, Азия және басқа да юрисдикциялардың құқық қорғау органдарымен келіссөздер жүргізді.

Қазақстандық сауалдарды жедел қарауға және қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу мүмкіндігін талқылады.

Сондай-ақ, БҰҰ ЕҚБ сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімшесінің басшылығымен және БҰҰ ЕҚБ мен Дүниежүзілік Банктің ұрланған активтерді қайтару жөніндегі бастамасымен (бұдан әрі-StAR бастамасы) кездесті.

Нәтижесінде StAR бастамасымен Қазақстанның мемлекеттік органдарына қазіргі заманғы активтерді қайтару бойынша институттарды (негізсіз байлық және т.б.) тиімді іске асыруға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы конвенциясына қосылуы бойынша келіссөздер жүргізілді және одан әрі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив