Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы жарияланды

17-06-2023, 17:16 Думан Кенжеғазыұлы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігінің «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) жарияланғанын хабарлайды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 43-тармағын іске асыру үшін әзірленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 жарлығымен бекітілген.

Заң жобасының мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Басымдықта сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасы, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алуын бірыңғай платформаға ауыстыру айқындалған.

Заң жобасына барлық ұсыныс пен ескертулерді мына электронды пошта a.alibekova@atameken.kz қабылдайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив