Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Серік Жұманғарин «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді

23-06-2023, 10:40 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың 21 маусымында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды онлайн қабылдады.

Вице-премьердің қабылдауына тіркелген азаматтар екі сағат аралығында сұрақтарын қойып, мәселелерімен бөлісті.  Олардың басым бөлігі отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа өндірістерді мемлекеттік қолдау, Түркістан облысындағы су тапшылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және т. б. мәселелерге қатысты болды.  

Қабылдау барысында қазақтың дәстүрлі сусындары – қымыз және шұбат, терең өңделген өнімдер – құрғақ  саумал мен құрғақ шұбат өндіру мәселесі талқыланды. Өнімдер неміс стандарттары бойынша сертификатталған жаңа технологиялар бойынша шығарылады. Кәсіпкер өз өнімдерін ЕО, АҚШ, ҚХР елдерінің нарықтарына жеткізуге мүдделі. Оның айтуынша, түйе сүтін ҚХР-ға сату процесі ұлттық стандарт бойынша жолға қойылған болса, саумалды ұлттық стандарттың болмауына байланысты жеткізу әзірге мүмкін болмай отыр. Ал ЕО және Түркия елдерінің нарықтарына жеткізуге жоғары импорттық баждар кедергі, өйткені бұл өнім сүт өнімдерінің жалпы санатына жатады. Сондай-ақ АҚШ-та жануарлардың кей түріне және жануарлардан алынатын кей өнімдерге, оның ішінде саумал мен шұбат әкелуге уақытша шектеулер бар. 

Серік Жұманғарин саумалды ЕО елдеріне және Түркияға жеткізуге импорттық баж салығының мөлшерін азайту – бұл өнімге СЭҚ ТН жеке кодын бергеннен кейін басталуы мүмкін келіссөздер процесі екенін атап өтті. Қазір бұл мәселемен Сауда министрлігі айналысады.     

«Бұл – мемлекеттің бизнеске көмектесуі керектігінің мысалы. Қыркүйек айында Үрімшіде көрме өтеді, онда ҚХР мемлекеттік органдарының өкілдерімен саумалға ұлттық стандартты әзірлеу мүмкіндігін егжей-тегжейлі талқылауға болады. Біздің өнімді экспорттық нарықтарға шығару мүмкіндігін жеделдету үшін АҚШ елшілігімен және ЕО мемлекеттік органдарымен жұмысты жандандыратын боламыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Қабылдау барысында вице-премьерге Түркістан облысынан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған азамат өз ұсынысын жеткізді. Ол жарты жылға жуық малы қораға қамалатын солтүстік өңірде мал өсіруге арнайы бейімделген жоғары қоректік жем дақылдарын өсіру, жем және витамин-минералды қоспаларды өндіру бойынша пилоттық жобаның бизнес-жоспарын ұсынды. Оның айтуынша, оның 7400 гектар жері бар, бұл жайылымдар, шабындықтар, егістік жерлер. Фермер бизнесінің бастапқы кезеңінде мемлекеттен қаржылық қолдау сұрап отыр.       

Өз кезегінде Серік Жұманғарин шаруаға Үкіметтің қолдауына келгені үшін алғыс айтып, «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несие алу мүмкіндігі туралы хабардар етті. Оның мақсаты – ауылдағы кәсіби мамандарды ауылда қалуға ынталандыру. Жеңілдетілген несиелеу өз аймағында шаруашылық құруға мүмкіндік береді. Шағын несиелерді әкімдіктер 5 жылға дейінгі мерзімге (ал мал шаруашылығына 7 жылға дейін) жылдық 2,5%-дан аспайтын төмен сыйақы мөлшерлемесімен ұсынады. Микрокредиттің шектік сомасы 2,5 мың АЕК, бұл – 8,6 млн теңге. Ал ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін шектік сома 8 мың АЕК немесе 27,6 млн теңгеге дейін.  

Вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне фермерді қолдаудың барлық мүмкін шараларын қарастыруды және бизнес-жоспарды талқылауға Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен кездесу ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ кездесу барысында жасыл тауарды (жеміс-жидек, көкөніс) өсіру және сатып алу, жемістер мен көкөністерді терең өңдеу, Кеден одағының техрегламентін келісу, ветеринариялық қызмет және иесіз жануарларды ұстау мәселелері айтылды.

Серік Жұманғарин құзыретті органдарға бір апта ішінде  қабылдауда көтерілген барлық мәселені егжей-тегжейлі қарастырып, нәтижелері туралы хабарлауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив