Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті

23-06-2023, 14:01 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, азаматтық қоғам, республикалық телеарналар өкілдері мен өткен жылдардағы жеңімпаздардың қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын дайындау және өткізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов конкурстық рәсімдер мен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына дайындық барысы және аталған байқаудың 10 жылдығын еске салып, өңірлердегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. 

Елімізде игі дәстүрге айналған жыл сайынғы үлгілі отбасы байқауы бүгінгі таңда жанұя құндылықтарының рөлін арттырып, қоғамда отбасы мен некенің оң имиджін дәріптейтін ауқымды да маңызды оқиғаға айналып отыр. 2014 жылдан бері байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Конкурсқа өтінімдер қабылдау Халықаралық отбасы күні қарсаңында 15 мамырда басталды және 1 шілдеге дейін жалғасады. Бүгінгі таңда аталған конкурсқа барлығы 2 390 өтінім берілді. 

«Мерейлі отбасы» конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын Отбасы күні қарсаңында қыркүйек айында өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив