Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

ҚТЖ-да компания өз АТ-жүйелерін енгізді

25-06-2023, 14:09 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылы маусымда «ҚТЖ»ҰК" АҚ-да тәжірибелік және тұрақты пайдалануға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы әзірлеген АТ-жүйелер енгізілді. 

Атап айтқанда, «Түйіспесіз жол жағдайын бақылау" автоматтандырылған жүйесі («ТЖЖБ»АЖ) 2023 жылы 15 маусымда тәжірибелік пайдалануға берілді. ТЖЖБ АЖ түйіспесіз жол жағдайын бақылау процесін, жол шаруашылығы жұмысшыларын техникалық жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және рельс бунақтарындағы температуралық қысым өзгерісін бақылауға арналған. 

«ТЖЖБ» АЖ құрудағы мақсат – түйіспесіз жолдың рельс бунақтарының бірыңғай деректер базасын құру, түйіспесіз жол жағдайын бақылау, рельс бунақтары температурасының ауытқуын жедел анықтау, рельс бунақтарының жағдайы туралы ақпараттар жинаумен байланысты жұмыстарды оңтайландыру.  

«Электронды құжаттарға қол қою» автоматтандырылған жүйесі (ЭҚҚ АЖ) 2023 жылы 19 маусымда тұрақты пайдалануға енгізілді. ЭҚҚ АЖ жеке крипто-провайдер негізінде электронды цифрлық қолтаңбасы генерациялау және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дағы заңи мәні бар электронды құжаттарды бекіту және келісу процесінің жеделдігін арттыруға бағытталған. 

ЭҚҚ АЖ құрудағы мақсат – ақпараттық қауіпсіздік және электронды құжаттармен алмасу (төлемдер мен ақша түсімі тізілімі, төлем күнтізбесі),  құжатты келісу және бекіту, оның бастама көтерушіден бастап орындаушыға дейінгі орындалу процесінің жеделдігін арттыру. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да  ішкі аудит қызметінің автоматтандырылған жүйесі (ІАҚ АЖ) 2023 жылы 20 маусымда тәжірибелік пайдалануға берілді. 

ІАҚ АЖ-н автоматтандырудың негізгі нысанына аудит ұсынымдарын орындауға мониторинг жүргізу, ұсынымдар, аудиттер құруға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ ішкі аудит Қызметі қызметкерлерінің жұмысы жатады. 

ІАҚ АЖ негізгі бағытына жеделдікті арттыру үшін жүйе құру, аудиттің үздіксіз толық циклын қамтамасыз ету, уақытша және еңбек ресурстарын оңтайландыру, сонымен қатар бақылау іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпараттар қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету кіреді. Бұл аудиторлық рәсімдер және өзін өзі бақылау рәсімдерін жүргізу жылдамдығын, материал сапасын, алмасу жылдамдығын, компания басшылығына ақпарат беру және өңдеу жылдамдығын арттыруға септік етеді. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив