Астанада «Орталық Азиядағы әйелдер диалогы» форумы өтті
«Орталық Азиядағы әйелдер диалогы» форумының делегаттары – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстандағы IT-жобалардың жетекші әйелдері, сарапшылары мен авторлары, сондай-ақ «TechnoWomen Central Asia» ҮЕҰ мүшелері жабық дөңгелек үстел өткізді. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Цифрлық экономикадағы жаңа мүмкіндіктер» талқыланды.
Шара барысында ең өзекті практикалық істер қаралды. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі А.Молдабекова «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» аясында «Баланың туылуы» цифрлық кейсімен таныстырды.
«Ең жарқын мысалдардың бірі, осыдан бірнеше жыл бұрын баланың туу туралы куәлігін алу үшін мемлекеттік мекемелерге бару, құжаттар пакетін ұсыну қажет еді, ал төлемдерді қабылдау бір айға дейін созылуы мүмкін еді. Ал бүгінде жаңа туған нәресте дүниеге келгеннен кейін ана барлық қажетті қызметтерді проактивті форматта алады, яғни біздің электронды үкіметтің хабарламасына жауап беруі ғана қажет, ал қалғанының барлығын E-gov жасайды. Бұл аналарға сәбилеріне толық назар аударуға көмектеседі. Сондай-ақ әйелдер қазіргі таңда белсенді түрде атсалысып, елімізде маңызды жобаларды жасап жатқанын атап өткім келеді. Біздің Astana Hub IT-стартаптарына арналған флагманымыз осы бағытта жұмыс істеп, инновациялар үшін экожүйені дамытуда», - деді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, «TechnoWomen Kazakhstan» мүшесі Әсел Молдабекова.
Әйелдер негізін қалаған IT-жобалар жоғары тиімділік көрсетіп, сыртқы нарыққа шығатынын айта кеткен жөн. Дөңгелек үстел аясында әлемде және Орталық Азияда жасанды интеллектті дамыту мәселесі көтеріліп, әйелдер жасаған екі жоба – теңіз экожүйелерін сақтау және Каспий теңізінің мәселелерін шешу үшін жасанды интеллект енгізілген «AI.LANTIS» жобасы, ақпараттық технологиялар индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы Ғ.Уәли мен «Zebra.EYE» жасанды интеллект қауіпті көз ауруларын диагностикалау үшін қолданылатын жоба Я.Тен мен ұсынылды.
Сондай-ақ Цифрлық үкімет кеңсесінің сарапшысы А.Альчиканова бастаған сарапшылар Қазақстан Республикасының жасанды интеллект ұлттық стратегиясының әзірленуін атап өтті. Кездесу соңында, Т.Сайфарова, тұтынушыларға қызмет көрсету сарапшысы «Тұтынушыға бағдарлану – сән немесе қажеттілік пе?» іскерлік ойынын өткізді.
Қорытындылай келе, Орталық Азия әйелдерінің диалогы аймақтағы әйелдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейресми алаң болып табылатынын еске сала кеткен жөн. Платформа 2020 жылы желтоқсанда БҰҰ қолдауымен құрылды, 2021 жылы Өзбекстан, 2022 жылы Түрікменстан басқарды. 2023 жылы төрағалық Қазақстанға өтті.