Елордалық өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртенуін жойды
19 маусым күні сағат 09.12-де Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері құрғақ шөптің өртенгені туралы келіп түскен хабарламаға шықты. Келген кезде қамыс пен құрғақ шөптің өртенуі алдын ала болжам бойынша 15 га жанып жатқаны анықталды.
Өртті сөндірудің қиындығы өрт сөндіру техникасы үшін де, өрт сөндірушілер үшін де қол жетпейтін батпақты жерлерден өту болды. Осыған байланысты 17 сағат 30 минутта ауадан өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 тікұшағы, сондай-ақ "Қазавиақұтқару"АҚ-ның 3 тікұшағы тартылды. Өрт сөндіру орнында дереу жедел штаб құрылды. Өрт болған жағдайды бағалау үшін ТЖ Министрі Сырым Шәріпханов, қала әкімі Жеңіс Қасымбек келді. Өртті сөндіруді жалпы үйлестіру ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың жеке бақылауында болды.
Сағат 20.00-де ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, екпінді желдің салдарынан өрт ауданы 50 гектарға жетті. Бірнеше тәулік бойы елордалық өрт сөндірушілермен бірге өртті жоюға әріптестеріне көмек көрсету үшін Ақмола және Қарағанды облыстарынан бөлімшелер келді.
19 маусымда сағат 21.09-да өрт сөндірушілердің күшімен 80 га алаңдағы өрт оқшауланды. Өрт оқшауланған сәттен бастап өрт сөндірушілердің, "Астана орманының" күшімен өрттің бықсыған жерлеріне су құю арқылы және өрт орындарын жырту және үнемі қарауылдау жұмыстары жүргізілді. 20 маусым күні сағат 20.16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне кетті.
ТЖ министрі Сырым Шәріпханов көрші өңірлерден келген өрт сөндірушілерге жедел ден қойғаны және елордалық өрт сөндірушілерге құрғақ шөптің өртенуін сөндіруде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Қала әкімдігі Астана қаласының Клуб добряков еріктілерімен, Ұлттық еріктілер желісімен және "Qanat" еріктілер желісімен бірлесіп өртті сөндіруге қатысушылар үшін тамақ ұйымдастырды.
26 маусымда сағат 11.22-де 80 га алқаптағы өрт толығымен жойылды.
Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация көлемі 447 тонна болатын 149 су ағызуды жүзеге асырды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 194 адамы және ТЖМ, Астана Орманы және қала әкімдігінің 51 техникасы жұмылдырылды.