Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Айт намазына 3000-нан аса адам қатысты

28-06-2023, 10:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, маусым айының 28-і – қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Мұсылман үмбеті асыға күтетін мейрам мешітте айт намазын оқумен басталды.

Ұлық мереке құрметіне орай, бір ғана «Абай Құнанбайұлы» облыстық орталық мешітіне намазға 3000-нан аса адам жиналды.

«Раббымызға жақындаудағы ең ұнамды амал, бұл күні намаз оқу, шамасы жеткен адамның құрбан шалуы. Қамқорлық, жақсылық, ізгілік сияқты керемет қасиеттерді топтастырып тұрған Құрбан айт мерекесінде үлкен ғибрат жатыр», – деді жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтаған Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив