Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

3-07-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысына өткен жартыжылдықта сот жүйесінің атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Асламбек Мерғалиев қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын жүзеге асыруға, қамауға алудың баламалы жолы ретінде бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейтуге, сот ісін жүргізуді бюрократиядан арылтуға, біріздендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтты.

Сонымен қатар Президентке ювенальды соттардың құзыретін кеңейту және сот актісінің күші жойылған кезде істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, апелляцияның тиісті шешім қабылдауы туралы процессуалдық нормаларды дұрыс қолдану жөнінде баяндалды. Бұл жаңа нормалар қағазбастылықты, судьяның қателік жіберу жағдайларын азайтып, азаматтардың бұзылған құқығын тез арада қалпына келтіруге оң септігін тигізуге тиіс.

Мемлекет басшысы адам құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігіне және әділ сот жүйесіне сенімді арттыратын негізгі фактор ретінде соттардың тәуелсіздігіне айрықша назар аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив