Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Экс-мәдениет және спорт министрінің адвокаты пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді

3-07-2023, 10:53 Думан Кенжеғазыұлы

Антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан қылмыстық істерді жедел сүйемелдеу аясында сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке араласуға бағытталған аса ауыр жемқорлық қылмыстар жасалынғаны анықталды.

Айталық, жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Cондай-ақ аталғандардың мүдделерін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды.

А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған.

Тергеу амалдары барысында 255 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленді. Қалған соманы өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды.

Сонымен бірге, Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен А. Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті болып танылды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеуге алып келетін алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына баса назар аударады.

Осындай жағдайларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуды немесе осындай фактілер туралы 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлауды сұраймыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив