Абай облысының Антикорын басқарған Әділхан Сабуров жаңа қызметке тағайындалды
Әділхан Сабуров Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ол 1983 жылы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында туған.
Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясын (2005 ж.) бітірген, мамандығы «Құқықтану»;
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (2021 ж.) бітірген, мамандығы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бойынша академиялық дәреже берілді.
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
2005 - 2018 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2018 - 2019 жылдары – Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті Тергеу басқармасының басшысы.
2019 - 2022 жылдары-Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
2022 жылғы тамыздан ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаментінің басшысы.
2023 жылғы 3 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.