Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.65 607.02 6.48

Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

3-07-2023, 18:03 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия мүшелері биылғы Мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған 13 жұмысты, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерін қарады. Сондай-ақ медицина және денсаулық сақтау, инжиниринг және технология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылық ғылымдары секциялары бойынша жасалған сараптамалық-талдамалық ұсыныстармен танысты.

Жиын қорытындысы бойынша 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылған, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітілді. Комиссия шешімімен іріктеудің екінші кезеңіне 8 жұмыс жіберілді.

Келесі кезеңге өткен жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив