Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Үкіметте «Ұлттық қор – балаларға» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

4-07-2023, 16:32 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен, мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдері қатысуымен өткен жиында «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру барысы қаралды.

Бүгінгі таңда Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төленетін төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы аясында түзетулер енгізуге бастамашы болды.

ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Заң жобасында 6 кодекс пен 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделгенін хабарлады.

Осы жылдың 12 мамырында Заң жобасын ВАК мүшелері заң жобалау қызметі бойынша мақұлдады. 22 мамырда Заң жобасына Үкіметтің қорытындысы Парламент Мәжілісіне жіберілді.

Бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінде жұмыс топтары заң жобасы бойынша ұсынылған түзетулерді талқылады.

14 маусымда Заң жобасы Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.

Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жиын барысында E-GOV веб-сайтын «БЖЗҚ» АҚ сайтымен интеграциялау және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе жоғалту күні туралы ақпарат беру мәселесі де талқыланды.

Жиын қорытындысына сәйкес Ерұлан Жамаубаев Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігіне азаматтық туралы ақпарат беретін жауапты мемлекеттік органды тағайындау туралы келісілген шешім қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Цифрлық даму министрлігіне «БЖЗҚ» АҚ-мен бірлесіп E-GOV веб-сайтын «БЖЗҚ» АҚ сайтымен интеграциялау мәселесін пысықтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив