Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Серік Жұманғарин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді

13-07-2023, 10:57 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Пәкістандағы National Logistics Cell жетекші мультимодальды логистикалық компаниясының бас директоры Фаррух Шахзод Раомен кездесті. 

Кездесу Серік Жұманғариннің 2022 жылғы желтоқсан айындағы екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 11 отырысының жұмысына қатысу үшін Пәкістанға барған сапарының жалғасы ретінде өтті. Ол кезде қазақстандық тарап ірі бизнес саналатын Пәкістан порттарының және NLC компаниясының өкілдерімен кездесулер өткізіп, Ауғанстан арқылы автомобиль транзиті мәселелерін талқылаған болатын. Сол кезде компания тасымалдауды сақтандыруға және жүктерді Пәкістаннан Қазақстанға және кері қысқа маршрут бойынша жеткізуді қамтамасыз етуге дайын екендігіне сендірген еді. Енді тараптар Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелері бойынша тақырыптық пікір алмасу және бастамалар үшін кездесті.

Кездесуде Серік Жұманғарин атап өткендей, Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды сауда серіктесі болып саналады. Бізде 411,9 млн сомасына әртүрлі салалардың 80 өңделген тауарларын Пәкістан нарығына жеткізуде үлкен әлеует бар.

«Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту біздің серіктестік қатынастарымызды жандандыруда шешуші рөл атқарады. Пәкістанның Гвадар, Карачи, Қасым порттары біз үшін қазақстандық өнімнің Пәкістан және Оңтүстік Азия нарықтарында экспортты ілгерілетуі, сондай ақ Оңтүстік Азия нарығына шығу барысында елдеріміздің транзиттік әлеуетінің тартымдылығын арттыруы барысында үлкен қызығушылық тудырады», — деді Серік Жұманғарин Фаррух Шахзад Раоға.

Қазақстанның Вице-премьері Өзбекстан, Түрікменстан және Ауғанстан аумақтары арқылы құрлықтық бағыттармен және теңіз порттарын пайдалана отырып орта дәліз (ТХКБ) Иран аумағы немесе Қытай арқылы өзара жеткізуді ұйымдастыру нұсқаларын қарауды және Қарақорым тас жолы арқылы Қырғызстан, Қытай және одан әрі Пәкістанға автомобильмен тасымалдау арқылы жүзеге асыруды ұсынды.

Өз тарапынан Пәкістан делегациясының қатысушылары логистика бойынша нақты ұсыныстар беруге дайын екендіктерін мәлімдей отырып, екі елдің ынтымақтастығын жандандыруға деген ұмтылыстарына сендірді.

Кездесу соңында Серік Жұманғарин пәкістандық бизнесмендерді тамыздың басында Астанада алғаш рет өтетін қазақстан-ауған бизнес-форумына қатысуға шақырды.

Анықтама:  National Logistics Cell (NLC) - Пәкістандағы жетекші мультимодальды логистикалық компания. NLC ішкі және аймақтық жүктердің көп бөлігін өңдейтін ERP қолдауымен басқару паркі жүйесі арқылы үздіксіз логистикалық циклды қамтамасыз етеді. NLC автомобиль, теміржол, теңіз және әуе сияқты мультимодальды көлік түрлерін қолданады. NLC мүмкіндіктері Пәкістанның ірі сауда орталықтары мен портты қалаларындағы Құрғақ порттар мен қоймалар желісімен толықтырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив