Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Экспортталатын ауыл шаруашылығы жануарлары үшін жас көрсеткіштері белгіленді

13-07-2023, 12:13 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы бұйрығына бұқашықтар мен қошқарларды квоталау кезінде жастарды белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Осылайша, 12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қоюдың сандық шегі - 60 000 бас, ал 6 айдан асқан қошқарлар-120 000 бас.

Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымнан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағынан тірі ІҚМ (СЭҚ ТА коды 0102) 60 000 бас бұқашық шығаруға алты айға сандық шектеулер енгізді, оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін-30 000 бас;

- тауар өндірушілер үшін-30 000 бас.

 Сондай-ақ тірі қой мен ешкі (СЭҚ ТА коды 0104) саны 120 000 бас қой, оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін-30 000 бас;

- тауар өндірушілер үшін-90 000 бас.

Бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық саны 500 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – 200 бастан аспайды.

Қошқарларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына лимит жиынтық саны 1000 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге-500 бастан аспайды.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына қосымша

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив