Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Қазақстан аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын шығару қалай жүзеге асады?

8-02-2023, 16:24 Думан Кенжеғазыұлы

2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан экспорттау шарттары айқындалды.  Соған сәйкес келесі сандық шектеулер (квоталар) енгізілді:

- 60 000 (алпыс мың) бас мөлшерінде бұқашықтарды әкетуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102)

-  қошқарлар (тауар номенклатурасының коды 0104) саны 120 000 бас.

Бұйрыққа сәйкес 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қойлар үшін квоталар белгіленді.

1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша лимит – 500 басты, 1 тауар өндірушіге – 200 басты, 1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша – 1000 басты, 1 тауар өндірушіге – 500 басты құрайды.

2023 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша республикада барлығы 13 033 бас карантинге қойылды, оның ішінде 10 625 ІҚМ және 2 408 ІҚМ.  474 бас ІҚМ үшін мал әкетуге рұқсат алынды, осы күні 217 бас ІҚМ шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив