Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстарына мердігерлік ұйымдардың 200 маманы жұмылдырылды

14-07-2023, 18:25 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 14 шілдеде Энергетика министрінің жылу беру кезеңіне дайындық жөніндегі үйлестіру штабының отырысын өткізу мақсатында Риддер ЖЭО-сына жұмыс сапары өтті.

ЖЭО-да барлығы 6 қазандық және 4 турбина орнатылған. Ағымдағы жылы барлық 6 қазандықты жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды. 8 мердігер және 3 жобалық ұйым тартылды. Қазандықтарды жөндеуден басқа, бүгінгі күні отын беру, бойлерлерді күрделі жөндеу, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. График бойынша № 1, 2, 4 қазандықтарды жөндеудің аяқталу мерзімі 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін, № 3, 6 қазандықтар 2023 жылғы 15 қазанға дейін, №5 қазандық 2023 жылғы 15 қарашаға дейін.

Станцияға мердігерлік ұйымдардың 200-ге жуық маманы жұмылдырылды.  

Министрлік Үкіметпен бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізуге Үкімет резервінен 8,3 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлу мәселелерін шешті.

Министр жөндеу жұмыстарын жеделдету қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар багерлік сорғы, турбиналық цех, мазут сорғы жөндеумен қамтылмаған. Күл үйіндісі бойынша шешімді жеделдету қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив