Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан, Иран және Әзірбайжан ғалымдарының бірлескен монографиясы шықты

18-07-2023, 16:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты «Иран Республикасындағы жер сілкінісі кезінде Әзірбайжан мен Қазақстанның инновациялары арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» монографиясын шығарды

Бұл монографияда Иран елінде тіркелетін апатты жер сілкіністеріне жүйелі талдау жасалған. Ғимараттар мен құрылыстардың қирауының, сондай-ақ адамдар мен жануарлар өлімінің және тағы да басқа жағдайлардың негізгі себептері келтірілген.

Бұған қоса аталған ғылыми еңбекте Ирандағы апатты жер сілкіністерінің салдарын жоюдың ұйымдастыру жұмыстары мен оны жетілдіру жолдары сипатталған. Аумақтар мен құрылыстарды сейсмикалық қорғау, сондай-ақ саман блоктардан салынған құрылыстардың сейсмикалық тұрақтылығы бойынша инновациялық техникалық шешімдер мен зерттеулер жүргізілген.

Қазір Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы көлемінің шамамен 30%-ында ұсақ дара бөлшекті материалдар пайдаланылады. Ал аталған құрылыс көлемінің басым бөлігін жеке құрылыс компаниялары өз қаражаты есебінен жүзеге асырып келеді. Бұл ретте 25%-ға жуық жеке тұрғын үйлер саманнан салынатынын айта кетейік.

Аталған монография «Төтенше жағдайлар және тіршілік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бакалавр, магистратура және аспирантурада оқитын азаматтарға арналған. Сондай-ақ құрылыс және инженерлік-геоэкологиялық мекемелердің студенттеріне, аспиранттарына, инженерлеріне және ғылыми қызметкерлеріне оқу құралы ретінде пайдалануға жарамды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив