Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Көкпекті ауданында тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі

24-07-2023, 10:30 Думан Кенжеғазыұлы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Көкпекті ауданда айына 2 рет тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылады. Оларға ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздері де, Семей қаласы және елдің оңтүстік өңірлерінен де келген кәсіпкерлер өз өнімдерін саудалайды

Аудан тұрғындары өткізілетін жәрмеңкелердің арқасында табиғи және сапалы өнімдерді тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15-20% төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылдың басынан бері ауданда барлығы 13 жәрмеңке өткізілген, онда 12 тонна ірі қара еті, 6 тонна жылқы еті, 3 тоннадан астам қой еті, 5 тоннадан астам балық, 900 л бал, 8 тоннадан астам сүт өнімдері және 53 тонна көкөніс пен жеміс сатылды.

Сондай-ақ, Көкпекті ауданы әкімдігінің шақыруымен еліміздің оңтүстік өңірінің кәсіпкерлері арнайы келіп, жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарларын аудан тұрғындарына төмен бағамен ұсынды.

Бұдан бөлек, Көкпекті тұрғындары үшін Семей қаласының тұрақтандыру қорынан төмендетілген бағамен: 4 тонна картоп, 2 тонна сәбіз, 2 тонна қырыққабат, 1 тонна күріш, 1 тонна қарақұмық, 1000 литр күнбағыс майы алып келінді.

Тұрақтандыру қорының барлық өнімдері нарықтық бағадан 30-35% арзан сатылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив