Ресейден келетін сүт өнімдерінің 70%-ы – контрафакт – Талғат Баймұрынов
Талғат Баймұрынов өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысымен әңгімелесу барысында Абай облысы агроөнеркәсіп кешенінің проблемалары туралы айтты. Спикер Абай облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы АӨК дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, АӨК және экологияны дамыту жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде оларды шешуге күш салуға ниетті екенін мәлімдеді.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі кеңестің негізгі міндеті – отандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге көмектесу. Облыстың кәсіпкерлер палатасы жанындағы АӨК дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы Талғат Баймұрынов бірінші кезекте қандай мәселеге назар аудару керегін атап өтті.
«Бірінші кезекте барлығы қаржыландыруға тіреледі. Қазір миллиардтаған қаражат бөлінсе де нәтижесін көрінбейді. Айталық, биыл ауыл шаруашылығын дамытуға небәрі екі миллиард теңге бөлінді. Мен жылдар бойы күтуге дайынмын, ештеңе талап етпеймін, бірақ бұл екі млрд бір кәсіпорынға ғана берілуі керек. 10-30 кәсіпорынға емес, аз ғана қаражатты олардың ешқайсысы сезбейді, ешқандай нәтиже болмайды. Кәсіпкер ретінде менің пікірім, мұндай тәсіл қате. Жобалар әзіреп, оларды барынша қаржыландыру керек. Бірінші кезекте суаруға база нараз аудару керек. Қазақстанның климаты қатты құбылмалы – егіншілік үшін қауіп-қатер көп. Осы қауіп-қатерді барынша азайту үшін суару жүйесін жолға қоюдан бастау керек. Егер суару жүйесі болса, бәрі өсіп шығады, мал азығына кепілдік болады, еттің өзіндік құны түседі, айтарлықтай арзан болады. Су тапшылығы ШҚО, Абай және Павлодар облысынан басқа бүкіл Қазақстан бойынша өзекті мәселе. Ертіс өзені – суы мол күретамыр, жағалаудан 5 шақырымға дейін барлық егістік суарылуы керек. Сонда нәтиже болады», – дейді депутат.
Кәсіпкер АӨК, сондай-ақ елдің экономикасы мен денсаулық сақтау саласын дамыту үшін отандық тауар өндірушілерді қолдаудың маңызын атап өтті.
«Ресейден келетін сүт өнімдерінің 70-тен астам пайызы – контрафакт. Құрамында сүттен хабар жоқ, мұндай өнімге әктен бастап бәрін қосады. Осы уды біз тұтынамыз, мұндай өнімнен кейін қандай ұрпақ туады? Болашағымыз не болады? Сондықтан азіқ-түлік қауіпсіздігі баса назарда болуы тиіс. Тәжірибесі бар және өзін дәлелдеген отандық кәсіпорындарды 2-5 млрд теңгеге қаржыландыру керек. Олар бізге екі жылдан кейін-ақ осындай нәтиже береді! Белгіленген мерзімнен кейін олар қарыз ақшаны қайтарады және отандық экономика қуатты өндірушіні алады. Осындай 10-15 жобаны қаржыландыру арқылы елде екі-үш жылдан кейін сүт мәселесі жабылады. Біз тіпті экспортқа шығамыз. Міне, қандай тәсіл қажет. Қаражатты созбалақтамай, жұлмаламай, кәсіпорын қызметіне араласпай, өлі жобаларсыз нақты көмек беру керек», – деді Талғат Баймұрынов.
АӨК жөніндегі кеңестің төрағасы, экономика, әлеуметтік мәселелер бойынша білікті маман жұмысқа деген көзқарасты өзгертіп, маңызды емес міндеттерді орындауға емес, мәселелерді шешуге назар аудару керек деп санайды.
«Мемлекеттік қызметшілерінің басым бөлігі инерция бойынша жұмыс істейді. Тапсырма берілсе, оны есеп аясында ғана орындайды. Жақында инвестициялық форум өтті, вице-министр келді. Мен де сол жерде ауыл шаруашылығы мәселелерін айттым. Сол кезде мәселені егжей-тегжей айту үшін, сол мәсее бойынша мемлекеттік органдарға «сұрау жіберіп, жауап алу үшін» маған форумнан кейін қалуымды өтінді. Мұндай тұжырымның өзі айтып тұр. Бұл тәсіл нағыз шенділердікі. Кәсіпкердің іс-қимылы мәселені шешуге бағытталған. Кәсіпкердің әрекеті хат жазып, хатты жіберіп, жауап күту, ұмытып, құтылуға бағытталмаған», – деді кәсіпкер.
АӨК жөніндегі кеңестің төрағасы қазіргі әкімнің жұмысына қатысты пікірін білдірді.
«Қазіргі қала әкімі жақсы маман. Өзім таныс емеспін, бірақ сырттан жұмысын байқап жүрмін. Кәсіпкер ретінде маған әкімнің жұмысын атқаруға деген ынтасы ұнайды. Мысалы, кәсіпкерде «Біріккен энергия сату компаниясы» АҚ-пен мәселен туындады делік. Қала әкімі акционерлік қоғамының жетекшісін, кәсіпкерді кездесуге шақырып, мәселені шешеді», – деп атап өтті Талғат Баймұрынов.
Кәсіпкер жемісті жұмыс болатынына үміт білдірді.
«Мені АӨК-ті дамыту жөніндегі кеңесті басқаруға шақырған кезде, қуана келістім. Өйткені Кәсіпкерлер аалатасы шенеуніктер тыңдайтын белгілі бір беделге ие маңызды ұйым. Мен Өңірлік палата және облыстық мәслихатпен бірлесе отырып, проблемаларды шешу және бір бағытта жұмыс істеу туралы біртұтас түсінікке ие болу үшін жоспар құрамыз деп сенемін», – деп бөлісті ӨКП АӨК дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы.
Еске салсақ, Өңірлік палата жанындағы салалық кеңестер мемлекеттік органдармен тиімді ынтымақтастық мақсатында құрылды. Жиындар айына бір рет өткізіледі.