Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
525.11 546.74 4.88

ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті әкімдіктермен көші қон саясатының жаңа тәсілдері бойынша кеңес өткізді

26-07-2023, 13:11 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының мемлекеттік органдары өкілдерімен көші-қон саясатындағы жаңа тәсілдер бойынша онлайн кеңес өткізді.

Кеңес барысында қатысушыларға «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі «қандас» мәртебесін беру, ұзарту, сондай-ақ шетелдік мекемелер арқылы «Ата жолы» картасын алу бөлігінде функционалдық мүмкіндіктерімен жұмыс істеу бойынша түсіндірмелер берілді, сондай-ақ қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау бойынша өңірлік квотаны орындау мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына қызметтерді үздіксіз көрсету үшін қажетті шаралар қабылдау және жергілікті жерлерде қызметкерлер үшін осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив