ҚТЖ Wabtec компаниясының цифрлық жүйелерін енгізуде
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға арналған және компанияның жүк тасымалы саласындағы операциялық қызметін жетілдіруге бағытталған Цифрландыру апталығы басталды.
Апта аясында ҚТЖ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және Wabtec компаниясының қатысушы қызметтері өкілдерінің кездесулері өтуде. Пойыздар қозғалысын жоспарлауды автоматтандыру, кестелер құру және магистральдық желідегі операцияларды оңтайландыру бойынша цифрлық шешімдер таныстырылды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС темір жол тасымалының тиімділігін арттыру мақсатында ТЭ33А сериялы жүк локомотивтерінің паркін «Рейсті оңтайландырушы» (Trip Optimizer) Wabtec цифрлық жүйесімен жабдықтайды.
Trip Optimizer – контроллер мен динамикалық тежегішті автоматты түрде реттеу арқылы машинистке локомотивті басқаруға көмектесетін ақылды жүйе. Жүйе маршрут пен жүк туралы деректерді талдай отырып, нақты уақыт режимінде оңтайлы жылдамдық режимі мен отын шығынын есептейді. «Trip Optimizer» Цифрлық жүйесін енгізу» жобасы локомотив бригадасының пойызды жүргізу сапасын арттыруға, дайын пойыздарға локомотивтерді қосуды жоспарлауға, зиянды заттардың шығарылуын азайтуға бағытталған. Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша сандық және сапалық пайдалану көрсеткіштерін жақсарту, дизель отынын үнемдеу күтілуде.
Апта ҚТЖ-ның елордалық объектілеріне: Сұрыптау станциясына, локомотив депосына және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға барумен аяқталады.