Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Саясат Нұрбек зымыран құрастыру республикалық турниріне қатысты

27-07-2023, 11:28 Думан Кенжеғазыұлы

Елордада QazAstroShift жоғары сынып оқушылары арасында зымыран құрастыру бойынша алғашқы республикалық турнирдің финалы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен үш онлайн кезеңнен өткен және үздік нәтижелер көрсеткен жас инженерлер өз зымырандарын ұшыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш орталығында жиналды.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек турнирдің финалистерін құттықтап, оларға сәттілік тіледі.


«Бір кездері біздің жеріміз, біздің Байқоңыр ғарышты бағындыру дәуірін бастады. Бүкіл әлемнің көздері бізге бағытталған болатын, әлі де солай. Сала қарқынды дамып келеді және біздің отандастарымыз да өз үлестерін қосуда. Турнирге қатысушылардың жобаларына қарап, «олардың арасында болашақта қазақстандық Space X-ті жасаушы шығады» деген ойды нақтылаймын. Қорытындылай келе, финалистерге сәттілік тілеп, жеңістің кіші, үлкені болмайтынын айтқым келеді. Сіздердің әрбір жетістігіңіз – прогрессивті Қазақстанның қалыптасуындағы үлкен қадам!», - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша бакалавриатқа түсуге болады. Министр оқу аяқталғаннан кейін түлектер кәсіби тұрғыдан өздерін көрсетіп, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының нақты секторын дамытуға елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.


Сондай-ақ, іс-шарада NASA халықаралық байқауының жеңімпазы Әбілбек Райымбек және басқа да қонақтар сөз сөйледі.


Турнир жеңімпаздары AITU және ҚБТУ-да білім гранттарын, Ұлттық ғарыш орталығында тағылымдамадан өту мүмкіндігін және бағалы сыйлықтарға ие болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив