Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

28-07-2023, 14:03 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігіне «Баспасөз хатшысы, Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының (ақпарат және БАҚ-пен жұмыс жөніндегі) орынбасары» жаңа лауазымы енгізілді.

Аталған лауазымның міндеттерін подполковник Руслан Тұрғымбайұлы Жангулин атқарады.

Подполковник Р.Т. Жангулин 1986 жылы 5 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Возвышенск ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген.

2007 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Аталмыш жоғары оқу орнында «БМП-да мотоатқыштар әскерлерінің бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану» мамандығы бойынша әскери даярлықтан өткен.

Еңбек жолын Руслан Жангулин «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында бастады, алғашқыда жетекші (диктор), кейін редактор болып істеді.

2008 жылы Ішкі әскерлер жоғары әскери училищесінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің офицері (ұйымдастырушы-тілші) лауазымында, содан кейін ІІМ Ішкі әскерлер әскери институтында келісімшарт бойынша қызмет етті.

2013 жылдан 2022 жылға дейін «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналы редакциясы ақпараттық-баспа бөлімінің бөлімшесінде қызмет атқарды. Ішкі істер органдары жүйесіндегі атқарған соңғы лауазымы – ақпараттық-баспа бөлімінің бастығы – «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының бас редакторы.

Қорғаныс министрлігінде подполковник Руслан Жангулин 2022 жылдың ақпанынан бастап қызмет етіп келеді. Қорғаныс ведомствосында ол Қорғаныс министрлігі Медиа орталығы бастығының орынбасары және Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының (ақпарат және БАҚ-пен жұмыс жөніндегі) орынбасары лауазымдарын атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив