Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Абай облысында алғашқы форель шаруашылығы ашылды

28-07-2023, 17:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының Озерки ауылдық округінде Форель шаруашылығы іске қосылды. Онда сумен қамтамасыз етудің тұйық циклді технологиясы қолданылады.

Биыл меншік иесі модульді үлгідегі үй-жай салып, балықты күтіп-баптауға арналған контейнерлер, арнайы жабдықтар сатып алған. Кәсіпкер болашақта бассейндерде форельді көбейтіп, өсіруді жоспарлап отыр.

Үкіметтің қаулысымен бекітілген балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет іске қосылған форель шаруашылығына Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері барып, заңнамаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне мемлекет тарапынан жасалатын қолдау шаралары туралы түсініктеме берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив