Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстандық төрағалықтың Азия кеңесіндегі басымдықтарын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылды

31-07-2023, 13:25 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (бұдан әрі – Азия кеңесі, АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбай қазақстандық төрағалықтың Азия кеңесіндегі 2023-2024 жылдарға арналған басымдықтарын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Жол картасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨСШК алтыншы Саммитінде қойған басты мақсаты – Азия кеңесін толық форматты халықаралық ұйымға трансформациялау бойынша ілгерілеуді көрсетеді.

Құжат Азия кеңесін одан әрі институционалдық дамыту бойынша міндеттерін іске асырудағы жетістіктерді көрсетеді. Атап айтқанда, Тұрақты өзара байланыстық жөніндегі кеңес құру, Қаржылық саммитті институттандыру, 2024 жылы Астанада өткізілуі жоспарланған Экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференцияны дайындау, мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру, сондай-ақ АӨСШК өңіріндегі волонтерлік қозғалыстарды қолдау жөніндегі бастамалар бойынша қол жеткізілген елеулі жетістіктерді көрсетеді.

Жол картасына қол қою қорытындысы бойынша Қ. Тумыш қазақстандық төрағалық ету күн тәртібінің қанықтылығын атап өтіп, АӨСШК-ні халықаралық ұйымға трансформациялауды дәйекті ілгерілетудің, мүше мемлекеттердің, соның ішінде Азия кеңесі басқарушы және жұмыс органдарының қызметі шеңберінде өзара іс-қимылдың жоғары динамикасын сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Қ. Тумыш Бас хатшы Қ. Сарыбайға және Хатшылық қызметкерлеріне қазақстандық төрағалықтың Азия кеңесі үдерісін нығайту ісіндегі басымдықтарын имплементациялауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив