Ертіс өзенінде арнайы тапсырмалар орындалды
Абай гарнизоны әскери бөлімінде жазғы оқу кезеңінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес амфибиялық бөлімшелердің су даярлығы бойынша оқу-жаттығулары басталды. Жаттығудың басты мақсаты – бөлімдегі амфибиялық бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік деңгейін қадағалап, әскери барлаушылардың біліктіліктерін арттыру.
Тактикалық жаттығуларда барлау бөлімі қару-жарақты Ертістің келесі бетіне тасымалдауды және суда жасырыну тәсілдерін орындады. Өзенге шомылуға келген қала тұрғындары барлаушылардың қайықтан суға секірген трюктеріне алыстан қарап, таңқалысты. Кенеттен орын алатын қылмыстық топқа қарсы жасалатын іс-әрекеттерді пысықтаған жеке құрам суға тұншыққан жанға көрсетілетін алғашқы медициналық көмекке де арнайы тоқталып өтті. Бөлім командирінің айтуынша, әскерилердің шеберлігін шыңдау үшін, тактикалық іс-қимылдарды пысықтау, алдағы уақытта да әрдайым өткізіліп тұрады.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі