Үй жануарларын қалай тіркеуге болады?

1 қыркүйектен бастап қазақстандықтар үй жануарларын «Таңба» базасында тіркеуге міндетті болады. Абай облыстық ветеринария басқармасы қаңғыбас және үй жануарларын есепке алу мәселесіне тоқталды.
«Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі үй жануарлары мәліметтер базасында міндетті түрде тіркелуі қажет. Ереже «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» заңына сәйкес 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Үй жануарлары ақылы түрде тіркеледі. Иесі өнімді өз бетінше таңдай алады», - деді ветеринария басқармасы.
Өнімдерге үй жануарларының асқазан-ішек жолдарына енгізілетін болюстер, тері астына орнатылатын чиптер, электронды белгілер, үй жануарларының құлағына қойылатын белгілер, таңбалар жатады.
Бүгінгі таңда «Таңба» базасында қалалар мен аудандардың ветеринария саласындағы 5 ветеринариялық емхана мен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар тіркелген, олар үй жануарларын мәліметтер базасына енгізу жұмыстарын жүргізуде.
«Қазір базада 41 ит пен 23 мысық тіркелінген. Қалалар мен аудандардың ветеринария саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары 4 540 ит пен мысықтарға арналған чиптерді сатып алуға келісімшарттар жасады», - деп қорытындылады ветеринария басқармасы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіАбай облысындағы қаңғыбас иттерге қатысты Ветеринария басқарма түсініктеме бердіМемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзіҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыШәкәрім шаңырағының ғылыми тынысы және инновациялық әлеуеті