Үржар ауданында шағын және орта бизнестің даму қарқыны жоғары
Статистикаға сүйенсек, бірінші жартыжылдықта ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6 523 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 122,1 пайызға артқан.
Оның ішінде 182 заңды тұлға, 3548 жеке кәсіпкер және 2793 шаруа қожалығы. Бүгінде тіркелген шағын кәсіпорындардың 98,6% жұмыс істеп тұр. Ауданның экономикалық белсенді тұрғындарының (42 022 адам) 15,5 % немесе 6512 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысады.
Осы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Абай облысына республикалық бюджеттен 2 059,0 млн теңге бөлінген. Үржар ауданында жалпы 120 жобаға несие беру көзделіп отыр.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – 2,5% жеңілдікпен несиелеу арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Бағдарлама «Семей» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі арқылы жүзеге асып жатыр.