Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Семейде «Алтын скальпель» номинациясы табысталды

8-02-2023, 12:05 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей медицина университеті» КеАҚ-да салтанатты жағдайда университетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан және хирургия саласында қызмет еткен дәрігерлерге берілетін «Алтын скальпель» номинациясының арнайы марапаты табыс етілді.

Ғылыми кеңестің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №6 шешімімен «Алтын скальпель» сыйлығы кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Аймағамбетов Мейірбек Жақсыбекұлына және емхана дәрігері, кең ауқымды білікті, тәжірибелі хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Ерлан Мырзабосынұлы Асылбековке берілді.

Салтанатты шара барысында марапатты Басқарма төрағасы, «СМУ» КеАҚ ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов табыс етті.

Білім ордасы қабырғасынан қаншама атақты дәрігерлер, белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері, білікті басшылар шықты. Университет түлектері «Семей Медицина университетінде» білім алғандарын мақтан тұтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив