Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Күн тәртібінде - өндірісті цифрландыру

8-02-2023, 12:15 Alikhan Bokeikhan University

Әлихан Бөкейхан Университетінде Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшылары мен бизнес қауымдастықтың қатысуымен өңірдегі өндіпіс саласын цифрландыруға қатысты дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында Университет, Басқарма және «Abai IT-Valley» технологиялық кластері арасында өңірдегі цифрландыру және өндірістік-инновациялық дамуды ілгерілетуге бағытталған үшжақты меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар іс-шара барысында бизнес қауымдастық өкілдеріне Университет студенттері - Abai IT-Valley резиденттері дайындаған бағдарламалық өнім - қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы жөніндегі білімін сынауға арналған виртуалды симулятор жұмысы таныстырылды.

Симулятор - өндірісте орын алуы мүмкін кез келген штаттан тыс жағдайдың виртуалды түрде сипаттай алады. Бағдарламаны өндіріс орындары мен мекемелерде қызметкерлерді еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйретуге қолдануға болады.

Студенттерді бұл жобасы бұған дейін республика деңгейінде танымал болған. Өрендеріміз өз өнімімен республикалық хакатонда 2 орын иеленіп, цифрлық даму министрлігінің жоғары бағасына ие болған болатын.

Қазіргі уақытта жоба толығымен өндіріске енгізуге дайын. Алдағы уақытта жергілікті өндірістік компаниялар студенттеріміздің бағдарламалалық шешіміне қызығушылық танытып, жобаны іс жүзінде пайдалануға тапсырыс беретініне сенімдіміз

#ӘлиханБөкейханУниверситеті #ABU #ABUSemey #BokeikhanUniversity #AlikhanBokeikhanUniversity #Semey #Semsk #Fcity #ГородF #ABUMediaTeam #AbaiNews #AbaiAqparat #AbaiOblysy

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив