Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде жедел медициналық жәрдем бригадаларының II республикалық спартакиадасы өтеді

7-08-2023, 10:21 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 11 тамызда Абай облысының орталығы-Семей қаласында, Бейбітшілік аралында халықаралық қатысумен жедел медициналық жәрдем бригадаларының II республикалық спартакиадасы өтеді.

Іс-шараның басталуы-сағат 9:00.

Жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының спартакиадасына еліміздің барлық өңірлерінен келген командалар қатысады.

Іс-шараның мақсаты - жедел медициналық көмек көрсету сапасын және Қазақстан Республикасы жедел медициналық қызмет медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Клиникалық станциялар бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарыстары жедел коронарлық синдром, полижарақат, балалар реанимациясы және жаңа туған нәрестені реанимациялаумен үйде босану және т. б. кезінде жедел медициналық көмек көрсету сияқты түрлері бойынша өткізіледі.

Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем бригадаларының II республикалық спартакиадасы жергілікті билік органдарының қолдауымен өткізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін Владимир Лиге хабарласыңыз- +7 775 837 7238.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив