Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай облысының қоғамдық даму басқармасы ҮЕҰ арасында байқау жариялады

7-08-2023, 16:45 018.kz

Абай облысы бойынша үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мен ҮЕҰ ынталандыру мақсатында «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ келесі номинациялар бойынша конкурс жариялайды:  

Сыйлық ҮЕҰ 10 маңызды салалар бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін беріледі:

· «Құқық қорғау қызметі саласындағы үздік ҮЕҰ»;

· «Волонтерлік қызмет саласындағы үздік ҮЕҰ»;

· «Зерттеу қызметі саласындағы үздік ҮЕҰ»;

· «Шығармашылық қызмет саласындағы үздік ҮЕҰ»;

· «Жастар саясаты саласындағы үздік ҮЕҰ»;

· «Балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы үздік ҮЕҰ»;

· «Іздестіру саласындағы үздік ҮЕҰ»;

· «Ұлтаралық қатынастар саласындағы үздік ҮЕҰ»;

· «Жануарларды қорғау саласындағы үздік ҮЕҰ»;

· «Ауылдың үздік ҮЕҰ».

Конкурсқа қатыса алады:

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;

- 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсынған ҮЕҰ;

Конкурсқа қатыса алмайды:

- үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері; 

- 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсынбаған немесе уақытылы ұсынбаған ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:  

1) конкурсқа қатысу үшін реквизиттер мен қызмет бағыты көрсетілген еркін түрдегі өтініш;

2) соңғы 3 (үш) жылда ұсынылатын саладағы жобалардың іске асырылғандығы мен жеткен жетістіктерді растайтын қоғам  және (немесе) мемлекеттік органдардың өкілдерінің (3-тен кем емес) ұсыным хаттары;  

3) диплом, грамота, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда); 

4) мақалалар, БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар көшірмесі (бар болған жағдайда); 

5) құрылтай құжаттарының көшірмелері; 

6) әлеуметтік желілердегі парақшаларға сілтеме (болған жағдайда).

Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ өтінімдері портфолиомен бірге 8 тамыздан 14 тамызға дейін қоса алғанда (Астана уақытымен сағат 18. 30-ға дейін)  қағаз және электронды тасымалдауышта (CD-диск немесе USB-флэш сақтау құрылғысында DOC, DOCX, PDF) Қоғамдық даму басқармасында мына мекенжай бойынша қабылданады: Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі 94, 20 кабинет.

Барлық сұрақтар бойынша келесі номерлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7222) 36-04-63, 87777903285.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив