Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Абай облысында «Абай оқулары» республикалық байқауы басталды

7-08-2023, 15:24 Еркежан Қуатқызы

Абай облысында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында XXIV республикалық «Абай оқулары» байқауы басталды. Оған еліміздің 16 өңірінен 131 оқушы, 27 жетекші қатысады.

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Байқауға «Көңілім әнді ұғады», «Ұлылар әлемі», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациялары бойынша қатысады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абайды оқу, оның асыл мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу ортақ парыз деп айтқан еді. Осы орайда Абай Құнанбайұлының шығармаларын жас буын арасында насихаттау, ақынның қарасөздері мен өлеңдерінде айтылған асыл қасиеттерді олардың бойына сіңіру мақсатында хәкім Абайдың жерінде 24 жылдан бері  «Абай оқулары»  байқауы ұйымдастырылып келеді. Баршаңызға сәттілік тілеймін», - деді Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Байқау барысында қатысушылар Семей қаласының мәдени-тарихи орталықтарымен танысып, қаланы аралайды. Сайыстың ақтық кезеңі 9 тамыз күні Абай аудандық мәдениет үйінде өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив