Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Шетелдік ірі инвесторлар Абай облысында АӨК дамытуға дайын

8-08-2023, 11:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысына девелопмент, сауда, ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика және т.б. салаларға маманданған қытайлық Hualing Cattle Industry Group Co., Ltd. компаниясы өкілдері келді.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесуде өзара тиімді екіжақты ынтымақтастық, инвестициялар тарту және ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Инвесторлар сапар барысында «Semey Tannery» ЖШС былғары өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорнын аралады. Бұдан бөлек, шетел делагациясының өкілдеріне «Eurasia Agro Semey» ЖШС ет өңдеу кешенін салу, «Бесқарағай Агро» ЖШС мал шаруашылығы кешенін құру, «Шалабай» ЖШС 1000 бас ірі қара малды бордақылау алаңын салу жобалары таныстырылды.

Сондай-ақ Абай облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға дайын шетелдік ірі инвесторлар Семей қаласындағы «Qazaq Astyq Group» ЖШС күнбағыс майын өндіру және «Өрнек» ЖШС сүт өндіру кәсіпорнына, Көкпекті ауданындағы «Елімай Көкпекті» ЖШС дәнді және майлы дақылдарды өсірумен айналысатын мал шаруашылығына баруды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив