Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.72 493.86 5.49

Курчатовта бейнебақылау камералары көбейеді

9-08-2023, 10:38 Думан Кенжеғазыұлы

Курчатов қаласында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды қолдану кеңінен жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылы іске қосылған көшедегі бейнебақылау жүйесі жақсы нәтижелерді көрсеттті. Осы жылы қалада қосымша 30 камера орнатылып, 56 камера жөнделді. Бүгінде Курчатовта 280 бейнекамера орнатылып, ақпарат тікелей полиция бөлімінің орталығына беріледі.

Көшедегі бейнебақылау жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алуда сенімді тірек болды. Осы технологияның арқасында қылмыстардың санын азайды.

Қала аумағын бақылаудың тиімділігін арттыру үшін бұрын бақыланбаған, камералар қойылмаған аймақтарды анықтау қолға алынды. Бұл кез келген ықтимал қауіптерге тезірек жауап беруге және қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив