Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік бағасы көтерілген жоқ

14-08-2023, 13:28 Думан Кенжеғазыұлы

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өскен жоқ. Сенбі Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция синистрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте осы нәтижелер мен алдағы күнтізбелік жылға арналған қорларды қалыптастыру процесі қаралды. 

ҚР СИМ Сауда комитеті ӘКК жасасқан шарттарды талдау нәтижелерін ұсынды, оның барысында орташа сатып алу бағалары және осы жұмысқа тиісті жауапкершіліксіз қарағандар анықталды.

«134 шартты талдап, ел бойынша орташа сатып алу бағаларын анықтадық: картоп – 113 теңге, сәбіз – 108 теңге, пияз – 107 теңге, қырыққабат – 97 теңге. Бұл бағалар соңғы емес, өйткені ӘКК шарттарға нарыққа байланысты бағаны өзгерту туралы тармақ қосқан», — деп хабарлады Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.

Сонымен қатар еліміздің бас сауда ведомствосы жүргізген талдау кәсіпкерлерге несие беру шарттарын жасау кезінде ӘКК көбінесе кіріспе деректердің сапасыз ресімделуіне жол беретінін анықтады, бұл баға белгілеуді терең талдау мен болжауды қиындатады. Атап айтқанда, көлем (тонна), өнім позициялары бойынша, сатып алу, бөлшек сауда бағалары, бағалар, сома, пайыздық мөлшерлеме, бағаны тұрақтандыру кезеңі, қарызды өтеу және өнімді жеткізу кестелері, бөлшек сауда үшін сауда орындарының тізімі және т.б. мәліметтер көрсетілмейді. Мысалы, «KOKSHE» ӘКК» АҚ 2023 жылғы 22 ақпанда сатылатын өнім көлемін көрсетпей, картоп бойынша маусымаралық бағаны тұрақтандыру үшін 200 млн теңге сомасына несие шартын жасасты.

«Сонымен қатар біз көптеген шарттта құпия ұстау және ақпаратты жария етпеу бөлімі бар екенін анықтадық. Бұл тармақтар қолданыстағы заңнамаға қайшы және талдау жүргізу үшін шарттар алуды қиындатады», — деді Айдар Әбілдабеков.

Серік Жұманғарин ӘКК-дегі шарттардың құпиялылығы туралы кеңеске қатысушыларға жүгінді.

«ӘКК шарттарында қандай құпиялылық болуы мүмкін? Бұл – бюджет қаражаты. Ауыл шаруашылығы министрлігінебұл мәселені бақылауға алып, барлық шартты қайта жасауды тапсырамын. Қажет болған жағдайда тауардың нақты бағасы, атауы және саны көрсетілген бірыңғай шарт әзірлеу керек. Айдың соңына дейін барлық өңір 3 айлық көлемнің 30%-ы көлемінде күріш бойынша келісім-шартқа отыруы тиіс. Тағы да айта кетейін, азық-түлік инфляциясы ішкі нарықтағы бағаға тікелей байланысты, ол тек қажетті қор көлемі қалыптасқан кезде ғана реттелетін болады», — деді вице-премьер. 

Күзде жиналатын көкөністі форвардтық қаржыландыру барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков айтып берді.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта өңірлер «айналым схемасы» асында қант зауыттарымен шарттарды ұзарту бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда келісім-шарттардың көлемі – 44,9 мың тонна, ал қажеттілік – 25,3 мың тонна. Батыс Қазақстан (12%), Қарағанды (26%), Шығыс Қазақстан (56%) және Алматы (86%) облыстарын қоспағанда, еліміздің өңірлерінің барлығында дерлік ұсынылған қорлар қалыптасты.

Күрішке келетін болсақ, Қызылорда облысында өткізілген жәрмеңкенің қорытындысы бойынша бүгінгі таңда 12 өңір орташа алғанда 400 теңгеге 7,8 мың тоннаға келісім-шарт жасасты, ал ел бойынша қажеттілік – шамамен 21 мың тонна қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив