Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысында бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің саны белгілі болды

15-08-2023, 09:46 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында бірінші сыныпқа баратын балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірді

2023-2024 оқу жылында облыс көлемінде 1-сыныпқа 11 мыңға жуық оқушыны қабылдау жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 10 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 5016 - сы Семей қаласына тиесілі.

1-сыныпқа қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету «Электрондық үкімет» (egov.kz) веб-портал арқылы электронды форматында жүзеге асырылады.

Естеріңізге салсақ, мектептер дайындық деңгейіне қарамастан барлық білім алушыларды қабылдауға дайын. Сондай-ақ, балаларды тек шағын аудандағы мектепке ғана емес, басқа кез-келген мемлекеттік мектепке тіркеуге болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив