Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Абай облысында 40 мыңға жуық бала тегін тамақпен қамтылады

16-08-2023, 09:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының білім беру ұйымдарында 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік жағдайына қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 1,2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп, ас мәзірі бекітіліп жатыр. Мәзірде құрамында балалардың жасына, физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін тамақ өнімдері болуы тиіс.

Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қатар балабақшадағы көпбалалы отбасынан шыққан 5700 бала тегін тамақтанады.

Жұмыс барысын тексеру мақсатында мектептерде Абай облыстық білім басқармасының өкілдері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мен ата-аналар кіретін мониторингтік топ құрылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив