Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

Аягөз спорт мектебінің түлегі грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

21-08-2023, 09:25 Думан Кенжеғазыұлы

Араға 7 жыл салып ел қоржынына грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын жүлдесі түсті.

Амманда өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы (U-20) әлем чемпионатында Исхар Құрбаев (55 келі) топ жарды. Ол финалда әзербайжандық Фарид Садихлиді 5:1 есебімен жеңді.

Бұл - чемпионатта ел қоржынына түскен алғашқы алтын жүлде. Бұған дейін Ризабек Айтмұхан (92 келі) күміспен күптелген еді.

Соңғы рет 2016 жылы Темірлан Шадукаев Францияда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанған болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив