Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.84 531.33 5.07

Аягөздік әскери қызметшілер Азия чемпионы атанды

17-05-2023, 09:47 Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері кәсіпқойлар арасында гір тасын көтеру спортынан Азия чемпионы атанды.

Күш пен жігерді, ептілік пен мықтылықты талап ететін гір тасын көтеру спорт түрінен Сары құрлық бәсекесі жуырда  Қырғызстан мемлекетінің Бішкек қаласында өткен болатын. Байрақты бәсекеге 15 мемлекеттен келген  100-ден астам спортшы қатысты.

Азияның кіл мықтылары бақ сынаған жарыста  Аягөздік  әскери қызметшілер өз шеберліктерін көрсетіп,  алтыннан алқа тақты. Атап айтар болсақ, 68 келі салмақта сержант Берік Қазрытқанов І орын, 85 келі салмақ дәрежесінде 3-ші сынып сержант Тілеужан Жаңабеков алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, 95 келіден жоғары салмақта 3-ші сынып сержант Сұңқар Қуанышев І орынға қол жеткізіп, Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, чемпиондардың  айтуларынша, гір спортына осы әскери қызметте жүргенде қызғушылық танытып,  кәсіби түрде  айналыса бастаған.  Қажырлы еңбек пен маңдай тердің арқасында аз ғана уақыт аралығында әскери спортшылар гір спортынан спорт шебері, Қарулы Күштердің чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы атанған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив