Түркияда жоғалған отандастарымыз туралы жақсы жаңалық
Ү.ж. 7 ақпанда ҚР СІМ «жедел желісіне» 4 дос жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпайтыны туралы қоңырау түсті. Олардың үшеуі ҚР азаматтары, ал төртіншісі Түркия азаматы.
Жоғалған жастардың соңғы орналасқан жерін туыстарынан біліп, біздің дипломаттарымыз дереу түрік билігіне хабарласты. Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде Хатай провинциясының Антакья қаласындағы аталған мекен-жай бойынша құтқарушылар тобы жіберілді.
Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Әзірше Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылды. Екеуі де аман-сау, оларды дәрігерлер тексеруі керек. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттер де аман-есен табылады деп үміттенеміз.
Тағыда оқыңыз
Шәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Волонтерлер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастадыҚазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірістіМинистрлермен және әкімдермен кездесулер кезінде азаматтар 1,5 мыңнан астам проблемалық мәселені көтердіСамат Смақов: Елімайдың өзіндік стилі болады